Алматыдағы «Атакент» Қазақстанның іскерлік ынтымақтастық орталығында Халықаралық KITF-2015 туристік көрмесі ашылды.
Көрмеге әлемнің 40 елінен 500 туристік компания қатысты. Соңғы бес жылда Алматыға келуші шетелдік туристердің саны екі есеге артып 300 мыңға жеткен.
Сәйкесінше, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Отандық туризмді дамытуды мақсат еткен ұйымдастырушылар қонақтарды аймақтық орталықтармен де таныстырды.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ