Ақтөбеде қалыңдықтың ата-анасы күйеу жігітті сотқа берді. Себебі ол қызға үйленуден бас тартқан, деп жазады «Экспресс К».
Қалыңдықтың ата-анасы 100-ден аса қонақ шақырып, той жасап, қыздарын ұзатқан. Алайда күйеу жігіт үйленуден бас тартқан көрінеді.
Қыздың жәбірленген ата-анасы сотқа шағымданған. Олар моральды шығынды 2 миллион теңгеге бағаланып отыр. Қазірше іс қаралмаған көрінеді, себебі судьяға істі тоқтату туралы талап арыз түскен.
Естеріңізге сала кетейік, Қызылордада былтырғы жылдың маусымында осыған ұқсас оқиға болған. Тасбөгет ауылының 22 жастағы тұрғыны өзін алып қашпақ болғандарды сотқа берген. Қыздың айтуынша, оны екі жігіт алып қашқан. Олардың бірі оған үйленбек болады. Алайда жолда жігіт той жасаудан бас тартып, қызды Қармақшы ауданына тастап кеткен.