Бүгін Алматыда еліміздегі аса ірі халықаралық іскерлік шара - Еуразиялық бизнес-форум басталды.
Бизнесті дамыту мақсатында өткізілген жиынға алыс-жақын шетелдерден мыңнан аса экономикалық сарапшылар қатысты.
Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған форумда шетелдік инвесторларға еліміздегі өнеркәсіпке жасалған жеңілдіктер мен жобалар таныстырылды.
Сондай-ақ, инновациялардың жаһандық беталысы, макроэкономикалық жағдайда өндірісті дамыту бойынша өзекті баяндама жасалды.
Еуразиялық бизнес-форум маусым айының 21-де Астанада жалғасады.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ