Вашингтонда аборт жасатуға қарсы шеру өтті. Шеруге қатты аязға қарамастан мыңдаған адам қатысқан, деп хабарлайды Азаттық.
Шара АҚШ жоғарғы соты әйелдердің аборт жасатуына конституциялық құқығы бар деген шешім шығарғанына 41 жыл толуына орай өткізіліп отыр.
Қолдарына ұрандар жазылған плакаттар ұстап шыққан олар қала көшелерімен жүріп, жоғарғы сот кеңсесі мен Капитолийге дейін барды.
Демонстранттар арасында католик мектептері мен колледждерінде оқитын жастар бар. Акцияға қатысушыларға Рим Папасы Франциск қолдауын білдірді.
АҚШ президенті Барак Обама аборт жасауға рұқсат берілген күнге орай мәлімдеме жасап, жоғарғы сот шешімінің маңызы бар екенін атап өтті. Мәлімдемеде әрбір әйелдің жүктілігі мен денсаулығына қатысты шешімді өзі қабылдауына құқығы бары айтылады.