Кәсіпқой бокстан WBA және ІВО тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкин 1 ақпан күні ганалық Осумана Адамамен кездеседі. Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы айқын фаворит. Дегенмен Адама жанкүйерлерді таңғалдыруға уәде берді.
Fightnews.com сайтына берген сұхбатында Осуману Адама бұл соңғы 18 айдағы ұзақ әрі қиын жаттығу екенін мәлімдеген. «Головкинмен өткізетін жекпе-жекте жаттығуда жинақтаған әдістерім айқын көрінеді. 1 ақпанда Головкин командасы шаршы алаңда мені көргеннен кейін таңғалады. Олар мені таңдап, қателік жасады», - дейді ол.