Қырғыз-Қытай шекарасындағы атысты ұйымдастырушылар Қытайдың Синьцзян қаласынан қашқан діни топ екені (сепаратизмді жақтаушылар) анықталды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Шекара қызметінің бастығы Раимберди Дуйшенбиев мәлімдеді. Оның айтуынша, оққа ұшқан топ мүшелерінен АҚШ доллары, Қытай юаны және діни атрибуттар табылған.
«Олардың бәрінде жерлеуга арналған мата, 15 метрден жіп, маска, қап, компас, топографиялық карта, Қытай және АҚШ валюталары болды. Қытай-Қырғыз шекарасынан 90 шақырым жерде орналасқан Уши елді мекенінде СУАР экстремистік тобының мүшелері тұрады», деп мәлімдеді ол. Сондай-ақ, атыс кезінде оқиға орнына Қытай елшілігінің қызметкерлері келген.
Алмазбек Атамбаев атыста қаза тапқан қырғыз балықшылар мен аңшылар қоғамының басшысы Александр Барыкиннің туған-туыстарына көңіл айтты.