Индонезияның Ява аралында және көршілес курорттық Бали аралында қуатты жер сілкінісі тіркелді. Оңтүстік Ява жағалауларынан бастау алған дүмпудің күші Рихтер шкаласы бойынша 6,5 балға дейін жеткен, деп хабарлайды utro.ru
Жер сілкінісінің ошағы Үнді мұхитынан 48 шақырым тереңдікте орналасқан. Құрбан болғандар мен ғимараттардың бұзылуы туралы мәліметтер тіркелген жоқ.