Елордада қоғамдық орында темекі тұқылын тастаған студент төрт тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі.
Қаладағы жоғары оқу орындарының бірінде ІІ курста оқитын ол көпшілік жерде темекінің қалдығын жерге тастай салған.
Астана қаласының әкімшілік соты ҚР ӘҚК 330-бабына сәйкес, ұсақ бұзақылық жасаған бұл азаматты төрт тәулікке қамады.
Ол 2012 жылы дәл осындай бұзақылық жасап, айыппұл төлеген екен.