Жүк көлігі президент кеңсесін бұзып кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүк көлігі президент кеңсесін бұзып кірді

25.01.2014
Жүк көлігі президент кеңсесін бұзып кірді
Бүгін Тайвань президентінің әкімшілігі ғимаратына 35 тонналық жүк машинасы келіп соғылды, деп хабарлайды Agence France-Presse.

Ел президенті Ма Инцзю оқиға болған сәтте кеңсесінде болмаған, ол қазір Африка елдерінің бірінде ресми іссапармен жүр.
 
Жарақат алған жүк машинасының жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Әзірге Тай елінің құқық қорғау органдары көлік жүргізушісінің бұл іс-әрекетінің себептері туралы ресми түрде түсініктеме берген жоқ. 
Ал, бейресми дерек көздеріне сүйенсек, Чанг көлігімен президенттің жұмыс ғимаратын әдейі соққан.
 
Қазір оқиға себепкері тергеушілердің сұрақтарына жауап беруден бас тартып отыр. Оқиғаға байланысты елде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Хабарламаларға жазылу