Гиммлердің жоғалған хаты Тель-Авивтегі үйінен табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гиммлердің жоғалған хаты Тель-Авивтегі үйінен табылды

26.01.2014
Гиммлердің жоғалған хаты Тель-Авивтегі үйінен табылды
Үшінші рейх идеологтарының бірі Генрих Гиммлердің әйелі Маргаретке жазған жүздеген хаты Тель-Авивтегі үйінен табылды.
 
Тарихшылар хат кейбір оқиғаларды түсінуге мүмкіндік береді деп үміттенеді. Екінші дүниежүзілік соғыс пен НСДАП жетекшілерінің өзара қарым-қатынсын айқындауы ықтимал. Хаттар 1927 жылдан бастап, 1945 жылға дейін жазылған. Онда Гиммлер негізінен жеке өмірі туралы жазған, дегенмен антисемитизм белгілері де бар.
 
Сонымен қатар рейхсфюрердің суреттері мен қойын кітапшасы табылған. Мамандар оның тұпнұсқа екеніне күмән келтірмейді. Осы уақытқа дейін бұл хаттарды Изриаль азаматы сақтап келген. Алайда оның қолына бұл топтаманың қалай түскені хабарланбады.
 
Генрих Гиммлер 1945 жылдың 23 мамырында өзіне-өзі қол жұмсады. Ол Германиядан Данияға қашып кете алмағандықтан, цинанидті ампуланы жұтып қойған.

Хабарламаларға жазылу