Н.Нығматулин: Бізде бүкіл халық сайлаған бір ғана Президент бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Нығматулин: Бізде бүкіл халық сайлаған бір ғана Президент бар

27.01.2014
Н.Нығматулин: Бізде бүкіл халық сайлаған бір ғана Президент бар
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «Central Asia Monitor» газетінің тілшісі Алмагүл  Олжасқа Ашық хат жолдады. Оған себеп – тілшінің аталған газетте (№ 3, 24-қаңтар, 2014 ж.) шыққан «Работяга Нурлан Нигматулин» атты мақаласы.
 
«Сіздің «мұрагерлікке үміткерлер» тақырыбына арналған мақалаларыңыздың бірінде басты «кейіпкерге» айналғанымды таңданыспен қабылдадым. Әрі мұндай ой қорытуды жауапсыз қалдыруға болмайды деп шештім.
 
Ең алдымен, бүкіл халық сайлаған Президент бар кезде осындай айдарды («үміткерлердің алтын ондығын») ойлап табу, жоқ дегенде әдепсіздікпен, тіпті арандатушылықпен тең.  Бұл жерде менің көздегенім сіздердің, басқа да ақпарат құралдарының редакциялық саясатына араласу емес.   Алайда дәл қазір баршамыздың, соның ішінде, БАҚ-тың ең негізгі міндеті - Елбасының ауқымды және шын мәнінде өмірлік маңызды мақсаттарын қолдай отырып, жүзеге асыруға үлес қосу.
 
Сондықтан, ойдан шығарылған  тақырыптарды тауып, «айға қарап бал ашқанша», Президентіміз Стратегиясының басым бағыттарын қалай тиімді жүзеге асыруға болатыны  жөнінде кеңінен қоғамдық талқылаулар ұйымдастырған әлдеқайда нәтижелі болар еді.
 
Бізде бүкіл халық сайлаған бір ғана Президент, жалпы халық мойындаған  бір ғана Елбасы  бар. Бұл - жай айтылған  сөз емес, бұл - менің түбегейлі қағидам.   Бұл - менің саяси және өмірлік ұстанымым.    Әрине, сіздердің журналистік әдеттеріңіз де бар екенін түсінемін, бәлкім, менің бұл Ашық хатымды да өздеріңізге ыңғайлы етіп «өрнектеуге» тырысатын боларсыздар.  Әлбетте, ол сіздердің ар-ұяттарыңыздың еншісінде», делінген Ашық хатта.

Хабарламаларға жазылу