Қазгидромет: 29 қаңтарға арналған ауа райы болжамы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: 29 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

29.01.2014
Қазгидромет: 29 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін республика аумағының басым бөлігінде  атмосфералық фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты  ауа райының тұрақсыздығы сақталады, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
 
Жер-жерлерде қар жауып, боран соғады, жекелеген аудандарда тұман, көктайғақ болады, деп күтілуде. Тек республиканың батысында және солтүстік шеткі аймақтарында  күн райы  жауын-шашынсыз, аязды болады.
 
Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын соғып, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Түнде Алматы облысының кейбір тұстарында тұман, көктайғақ түссе, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-қа  дейін  күшейеді, Жамбыл облысының кейбір аймақтарында тұман, көктайғақ болады, желдің күші 16-21 м/с-қа жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.
 
Күндіз Қызылорда облысының кейбір жерлерінде бұрқасындатып, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
 
Маңғыстау облысының кей аудандарында боран соғып, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді,
 
Атырау облысының кейбір жерлерінде бұрқасынға ұласқан желдің күші 17-22 м/с-қа жетеді.
 
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында түнде тұман түсіп, күндіз Батыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Хабарламаларға жазылу