Мүмкіндігі шектеулі балаларды зейнетке шығарудың жолдары қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүмкіндігі шектеулі балаларды зейнетке шығарудың жолдары қандай?

29.01.2014
Мүмкіндігі шектеулі балаларды зейнетке шығарудың жолдары қандай?
Тағдырдың тәлкегіне түссе де, өмірге деген құштарлығы жоғалмаған жандар жетерлік. Танымал опера әншісі Андрео Бачелли жанарынан ерте айырылса да, өнерінің арқасында әлемге танылды.
 
Сондай-ақ, ресейлік әнші Диана Гурцкаяның да туғаннан көзі көрмейді. Бірақ, ол өнерді жүрекпен сезеді. Бүгінде оның әндерінен демеу алып жүргендер қаншама.
 
Сондай жандардың бірі – Сәуле Рыздыққызы. Осыдан 10 жыл бұрын үшінші қабаттан құлап, аяғын сындырып алған ол, қазір үстел теннисінен спорт шеберлігіне үміткер. Көкірегі ояу, санасы сергек Сәуле әлі-ақ аяғынан тік тұрып кететініне сенімді.
 
Қазіргі уақытта елімізде 60 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі бала есепте тұр. Олардың 51,4 мыңы – 16 жасқа, 8,9 мыңы – 18 жасқа дейінгілер. Бұл жандарды зейнеткерлікке шығару үшін мемлекет барлық жағдайды қарастыруда.
 
«Ең алдымен, баланың мүгедектігін айғақтайтын медициналық анықтамасы болуы керек. Сол анықтама негізінде зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтарға барып, қажетті өтініштерді толтырып, 10-15 күндік мерзімде жәрдемақыға ие бола алады. Негізі өтініштер 10-15 күн қаралады»,-дейді мамандар.

Хабарламаларға жазылу