Жоғары хоккей лигасының кезекті турында Өскеменнің «Қазцинк-Торпедо» комнадасы Красноярскінің «Сокол» командасын қабылдап, 2:1 есебімен басым түсті.
Есепті ойынның екінші кезеңінде айдын иелері ашты. Шайба авторы – Дмитрий Устюжанин. Қонақтар Роман Теслюктің көмегімен үшінші кезеңде есепті теңестірді.
1:1 есебі ойын соңына дейін сақталды. Ал овертаймда айып соққысын Максим Беляев сәтті орындап, айдын иелеріне жеңіс сыйлады.