Кенші дирижер бола ала ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кенші дирижер бола ала ма?

30.01.2014
Кенші дирижер бола ала ма?
Кенші мамандығын батыл да қайсар жандар таңдайды. Оларға асқан табандылықты, арнайы білімді, кәсіби шеберлік пен батылдықты талап ететін күрделі мәселелер мен  күн сайын бетпе-бет келуге тура келеді.
 
Сол себепті де, бұл мамандық қашанда құрмет пен сыйға лайықты мамандық болған.
 
Ал дирижер – өте күрделі, көп қырлы кәсіп. Дирижер болу үшін бірнеше мамандықтың иесі болу қажет, тіпті адамның психологиясын да міндетті түрде меңгеруге тура келеді.
 
Өйткені, дирижер үлкен ұжымның алдында жұмыс істейді. Ол ұжымның ішінде әдетте, жасы да, кәрісі де, кәсіби тәжірибесі де әртүрлі музыканттар болады. Ал дирижердің мақсаты – сол адамдарды тынысы бірдей, тұтас ұжымға айналдыру.
 
Бұл екеуі де өзіндік қыры мен сыры көп мамандықтардың бірі. Бүгін 17.00-де «Мың түрлі мамандық» хабарын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу