Қазақстанда ауыл шаруашылғы өнімдерін импорттау көлемі азайып, экспортқа шығару артқан. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сала басшысы Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.
Нақтырақ айтсақ, сиыр етін сырттан әкелу 42 пайызға, картоп импорты екі есеге, қияр импорты 4,8 есеге төмендеген.
Сондай-ақ, Асылжан Мамытбековтың айтуынша, ауыл шаруашылығы саласына сырттан инвестор тарту көлемі артқан. Қазіргі уақытта 15 ірі жоба жүзеге асырыла бастады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ