Биыл Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы Сабынды ауылында орналасқан «Бакара» ет комбинаты Мәскеуге 200 тонна қазы жөнелтпек. Бұл туралы Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қаңтар айының өзінде комбинат Ресей еліне 15 тонна қазы мен шұжық жөнелтті. 2010 жылы Индустрияландыру бағдарламасы аясында құрылған комбинат қазы жіберу жөнінде мәскеулік кәсіпкерлермен келісім орнатқан.
«Екі жыл ішінде кәсіпорынның шығаратын өніміне деген мәскеуліктердің сұранысы қатты артып отыр. Былтыр кәсіпорын 35 тонна ет экспорттаса, биыл шамамен 200 тонна қазы жіберуді жоспарлауда. Осылайша, жылына 5 мың тонна етті өндіретін комбинат ҚР Президентінің Жолдауында айтылған ет экспорты саласының дамуына үлес қосып келеді», - делінеді хабарламада.
Айта кетейік, «Бакара» өнімдері «Халал» стандарттары бойынша шығарылады.