Семейде сурдоаудармасы бар спектакль қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде сурдоаудармасы бар спектакль қойылды

01.02.2014
Семейде сурдоаудармасы бар спектакль қойылды

Семейдің драма театрында сурдоаудармасы бар қойылым көрсетілді. «Кедергісіз театр» жобасын жүзеге асыруға БҰҰ даму бағдарламасы көмектескен.
 
 Сахнаға мониторлар орнатылып, сахна сыртына тифлокомментаторға қажетті құралдар жинақталған. «Енді өткізілетін шаралар, концерттер мен қойылымдардың барлығы осы телевизиялық мониторлар арқылы таратылатын болады», деді БҰҰ Қазақстандағы жоба менеджері Рауан Қалиев.
 
 Қойылым алдында мамандар құрылғылардың қалай жұмыс істейтінін тексеріп көрген. «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» қойылымына құлағының мүкісі бар балалар шақырылды.
 
 Семейде мұндай диагнозы бар адамдардың  саны екі мыңға тарта. Рауан Қалиевтің айтуынша, «Кедергісіз театр» жобасы аясында Семей драма театрының көрермендеріне арнап ролл-пандус және мүгедектер арбасы алынды.

Хабарламаларға жазылу