Интернеттегі қарақшылық туралы видеоролик түсірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Интернеттегі қарақшылық туралы видеоролик түсірілді

01.02.2014
Интернеттегі қарақшылық туралы видеоролик түсірілді

Ақтаулықтар үшін интернеттегі қарақшылық туралы видеоролик түсірілді, деп хабарлайды lada.kz. Видеороликті «Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстаудағы филиалы және  облыстық Әділет департаменті бірлесіп түсірген. Мұндай жұмыс тұрғындардың  құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жасалған.
 
 Онда жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңындағы нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік, азаматтақ және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы айтылады.
 
 Видеоролик «Қазақстан-Ақтау» телеарнасынан көрсетілуде. 

Хабарламаларға жазылу