Әлемдегі ең кәрі қоқиқазды 84 жасында өлтірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең кәрі қоқиқазды 84 жасында өлтірді

02.02.2014
Әлемдегі ең кәрі қоқиқазды 84 жасында өлтірді

встралияның оңтүстігіндегі Аделаида хайуанаттар бағында 1933 жылдан бері тіршілік еткен әлемдегі ең кәрі қоқиқазды өлтіруге тура келді, деп жазады segodnya.ua.
 
 Ағылшынша Greater Flamingo (Phoenicopterus roseus, қызғылт қоқиқаз) түрін білдіретін құстың аты - Грейтер. Хайуанаттар бағының әкімшілігі хабарлағандай, оны 84 жасында өлтіруге тура келген.
 
 Соңғы уақытта құстың қартаюына байланысты өмір сүруі қиындаған. Ветеринарлар оған көмектесетін тәсілдің қалмағанын алға тартты.
 
 Грейтердің алпыс жыл тіршілік еткен Чили атты қоқиқаз досы бар. Ветеринарлар досын жоғалтқаны оған қалай әсер ететінін  бақылауда.
 
 Грейтер - әлемдегі ең кәрі қоқиқаз әрі Австралияда тіршілік еткен ең соңғы қызғылт қоқиқаз. Әкімшілік деректері бойынша одан кейінгі кәрі қоқиқаз Оңтүстік Американың хайуанаттар бағының бірінде екен, оның жасы 67-де.
 
 Жабайы қоқиқаздар шамамен 25 жас өмір сүреді, алайда жақсы күтімдегі өзін қауіпсіз сезінетін қоқиқаздар көп өмір сүреді екен.

Хабарламаларға жазылу