Шыңжаң Халық радиосы қазақ тілінде 18 сағат хабар таратады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шыңжаң Халық радиосы қазақ тілінде 18 сағат хабар таратады

03.02.2014
Шыңжаң Халық радиосы қазақ тілінде 18 сағат хабар таратады

Бүгін «Әжемнің иісі» атты шығармашылық кеші өткелі отырған ақын, диктор, композитор, ҚХР Шыңжаң Халық радиосының әдеби көркемөнер бөлімінің жетекшісі Серік Әбіл «Таңшолпанда» қонақта болды.
 
 «Ауылда туып-өстік. Дәстүр, салт-сана әжеміздің иісімен бойымызға қуат болып дарыды. Әженің бойында бүкіл даланың иісі бар. Тіпті, бір ғана кимешегінің өзінде қанша қасиет жатыр. Сол себепті кешті осылай атадым»,-дейді сазгер.
 
 Шыңжан Халық радиосында әдеби көркемөнер  бөлімін басқаратын Серік Әбіл: «Шыңжан Халық радио станциясы бес тілде жұмыс жүргізеді. Қазақ, ханзу, ұйғыр, моңғол, қырғыз тілдерінде. Оның ішінде қазақ редакциясы күніне 18 сағат хабар таратады. Тұрмыс-салт, ғылым, техника, күнделікті жаңалық сынды түрлі мазмұндағы бағдарламаларды жүргізеді»,-дейді.
 
 «Абайдың 150 жылдығына орай «Абай жолын» аудиокітап етіп шығарғанбыз. 80 сағаттан тұрады. Бұл – қазақ тарихындағы аудиокітаптардың алғашқыларының бірі. Сонымен қатар, «Шаңырағымызды шалқыған әндер» атты халық әндерінің аудио жинағы. Сондай-ақ, қазақтың әйгілі 10 романын да аудиокітап етіп дайындап қойдық. Абайды білмеген, «Көшпенділерді» оқымаған адам қазаққа қандай рухани азық сыйлай алады деген ойдан туған дүние»,-дейді ақын.

Хабарламаларға жазылу