Бүгін - «Ұлжанның» соңғы бөлімі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - «Ұлжанның» соңғы бөлімі

03.02.2014
Бүгін - «Ұлжанның» соңғы бөлімі

2013 жылдың үздік телехикаясы - «Ұлжанның» бүгін соңғы бөлімі. Отандық телехикаяны көрерменнің сұрауы бойынша Ұлттық арна қайталап көрсеткен болатын.
 
 Жалпы, картинада  қазақ қоғамының бір кезеңі қарапайым отбасының өмірі арқылы суреттеледі.
 
 Тәуелсіздік жылдары мойнына үлкен жүк артқан жас келіншек, кейіннен үлкен жетістіктерге жетіп, нағыз дәулетті кәсіпкерге айналады.
 
 Өмірдің ақ пен қара араласқан бұралаң жолдарынан сүрінбей өтіп,  балаларын жеткізген, туған-туыстың арасындағы беделін де ойлаған ана бейнесі – қашан да өзекті тақырып.
 
 Бүгін 19.30-да «Ұлжан» телехикаясының соңғы бөлімін тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу