Сарыарқа ауданындағы халық саны бір жылда 20 мыңға көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарыарқа ауданындағы халық саны бір жылда 20 мыңға көбейді

04.02.2014
Сарыарқа ауданындағы халық саны бір жылда 20 мыңға көбейді
Астанадағы Сарыарқа ауданы халқының саны бір жылдың ішінде 20 420 адамға артты. Бұл туралы Сарыарқа ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың халықпен есептік кездесуінде мәлім болды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
 
«Аудан тұрғындарының саны 330 988 адамға жетті. Бұл 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 20420 адамға немесе 6,7 пайызға көп», - деді аудан әкімі Е.Бөлекпаев.
 
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2013 жылғы қаңтар-қарашада ауданға 20420 адам келген және 6644 адам кеткен.
 
Халықтың саны ішкі көші-қонның есебінен артып отыр. Аталған мәліметтерге сәйкес, аудан әкімінің айтуынша, Сарыарқа ауданы халқының саны жыл сайын қарқынды түрде ұлғайып келеді.
 
«Соңғы алты жылда аудан халқының саны 85 мыңға жуық өскен», - деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Хабарламаларға жазылу