Прага мэрі Януковичті қабылдаудан бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Прага мэрі Януковичті қабылдаудан бас тартты

05.02.2014
Прага мэрі Януковичті қабылдаудан бас тартты
Прага қаласының басшылығы Украина президенті Виктор Януковичтің ресми сапарын ұйымдастыру шараларына қатыспайды.
Чехия астанасының мэрі Томаш Гудечек қалада Януковичті көргісі келмейтіндігін мәлім етті деп хабарлайды РБК агенттігі.
 
«Президент Януковичтің Вацлав Гавелдің есімі берілген әуежайға қонуының өзі қисынға симайды», - деді ол. Оның сөзіне қарағанда, Украина президенті Чехияға келетін болса, қала басшылығы ресми тұлғаларға көрсетілетін іс-шараларды ұйымдастыруға қатыспайды.
 
Гудечек Майдандағы наразылық білдіріп жатқан жұртқа 500 мың крон жібермек.

Хабарламаларға жазылу