31 наурыздан бастап, Дубай туристерге салық салуды қолға алмақшы. Бұл жаңа талап әмірліктің аумағындағы қонақүйлер мен тұрғынжайларында тұрып жатқан барлық туристерге қатысты.
Жалдаған қонақүйіне қарай бір туристке салынатын салық көлемі 2-5 аралығындағы АҚШ долларына тең. Меймандардан жиналған қаражат Дубайдың туризм саласын жаңғырту үшін жұмсалатын болады.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2013 жылы Дубайға барған туристердің саны 10 миллионнан асыпты.