Бүгін Ақордада Елбасы Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар өкілдерімен кездесу барысында әлемдік экономиканың құлдырауына дайын болуды ескертті.
Н. Назарбаевтың айтуынша, жаһандық экономикада оң өзгерістер байқалады.
Экономика өсімінің үдерісі Еуропа, Америка елдерінде қарқын алып келе жатқандығын айта келе, Мемлекет басшысы: «Стратегия-2050-дің ұзақмерзімді міндеттерін ескере отырып, мен 2020 жылға дейінгі Қазақстанның сыртқы саясатының жаңа тұжырымдасын бекіттім. Бұл тұжырымдама ашық бейінге ие. Ол жалпыәлемдік трендтерді ескереді, бүкіл әлемдегі біздің серіктестерімізбен тиімді өзара іс-қимылдарға негізделеді», деп сөзін түйіндеді.
Сонымен қатар, әлемдік экономиканың циклдік сипатын да естен шығармауды және кез келген құлдырауға дайын болуды да ескертіп өтті.