Қазақстанда «Агромашхолдинг» ЖШС базасында құрастырылған «SsangYong Rodius» жол талғамайтын көлігі сатылымға 10 ақпанда шығады. Оның құны 5,45 миллион теңгеден басталады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
«Көліктің басты ерекшелігі - сыйымдылығы мен үлкендігі. Бес есікті «Rodius» көлігіне 7 адам сыяды, қосымша орындықтар үш қатарда орналасқан. Орындықтар түсірілген кезде оның жүк салғышы 3000 литрге дейін үлкейеді», - делінген хабарламада.
Жаңа көліктің ұзындығы - 5,13 метр, ені - 1,915, биіктігі - 1,815 метр.
«Агромашхолдинг» зауыты «SsangYong Rodius»-ті қазіргі уақытта 2 литрлік дизель қозғалтқышымен шығаруда.