Шымкенттің кәсіпорындары газсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттің кәсіпорындары газсыз қалды

06.02.2014
Шымкенттің кәсіпорындары газсыз қалды
Өзбекстан тарабынан болған шектеудің салдарынан Шымкентте ірі кәсіпорындарға газ беру тоқтатылды. Қалалық әкімдіктің деректеріне сүйенсек, 17 кәсіпорынға газ беру толықтай тоқтатылды, 30 кәсіпорынға газға шектеумен жеткізіледі. Бұл жеке тұлғалар үшін қосымша газ бөлуге мүмкіндік берді.
 
Айта кетейік, осы жайттың салдарынан аязды күндері 2 мыңнан астам абонент газсыз қалды. Оның көбісі - жекеменшік үйдің тұрғындары.
 
Бүгін газдың болмағаны жөнінде қаланың көпқабатты үйлердің тұрғындары да шағымдануда. Қалалық әкімдіктің қызметкерлері әлеуметтік нысандарға көгілдір отын үздіксіз беріледі деп мәлімдеді.
 
Еске сала кетейік, газбен жабдықтаудағы іркілістер апта басында Өзбекстан Қазақстанның оңтүстік өңіріне газ жеткізуді бірден қысқартқаннан кейін болды. Жеткізілетін газ қысымы сағатына 430 мың куб метрден 120 мың кубметрге дейін төмендеп кеткен.

Хабарламаларға жазылу