Бақыт Сыздықоваға қатысты сот отырысының мерзімі белгіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақыт Сыздықоваға қатысты сот отырысының мерзімі белгіленді

06.02.2014
Бақыт Сыздықоваға қатысты сот отырысының мерзімі белгіленді
«Нұр Отан» партиясының бұрынғы мүшесі және Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Бақыт Сыздықоваға қатысты сот отырысы 19 ақпанға белгіленді.
 
Бұған дейін, «Нұр Отан» партиясы Бақыт Сыздықовадан партия кассасынан алынған қаражатты қайтаруды талап еткен болатын.
 
«Қазақстан Жаңалықтары» таратқан мәліметте, «Нұр Отан» партиясының Бақыт Сыздықованың атына жазылған арыз бойынша алғашқы сот отырысы 2014 жылы 19 ақпанда Астанадағы мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді», - делінген.

Бақыт Сыздықоваға қатысты оқиға белгілі болғаннан кейін, ол 2013 жылы 18 қыркүйекте «Нұр Отан» партиясының қатарынан шығарылды.
 
2008 жылы Б. Сыздықова партиядан «Астана.KZ» КВН командасын қаржыландыру үшін 7 миллион теңге көлемінде қаражатты қарызға алған. Ал оны 2009 жылы қайтарып беруі тиіс болатын. Алайда бұл сома сол күйі өтелмегендіктен, қазір қарыз өсімімен 15 миллион теңгеге жетіп отыр.

 

 

Хабарламаларға жазылу