Қаңтарда Астана бойынша пәтер бағасының орташа деңгейі әр шаршы метрге 2123 АҚШ долларын құраған, бұл шамамен 327 900 теңге.
Қазір өткен айға қарағанда әрбір шаршы метр 23 АҚШ долларына (1,1 пайызға) қымбаттаған. Ал бизнес-класс пәтерлердің бағасы әр шаршы метріне 2602 АҚШ долларын құрап отыр. Оның өсімі шамамен 0,5 пайыз, деп хабарлайды Forbes.kz.
Елорданың сол жағалауы немесе Есіл ауданындағы пәтерлердің бір шаршы метрлік орташа бағасы 2601 АҚШ долларына тең. Бұл жоғарыда айтылған пәтерлердің орташа құнынан 23 пайызға төмен.
Қаланың оң жағалауындағы пәтерлердің құны 2017 АҚШ доллары шамасында. Бұл көрсеткіш орташа қалалық деңгейден 6 пайызға төмен.
Ал қаладағы ең қымбат ТОП-10 тұрғын үй кешеніне «Europe Palace», «Нұрсая», «Престиж», «ЦМТ - Халықаралық сауда орталығы», «Сулы-жасыл бульвар», «Ағылшын кварталы», «Қалалық романс», «Париж кварталы» және «Хайвил Астана» енген.
Олардың бір шаршы метр бағасы орташа есеппен 3640-5460 АҚШ доллары аралығында.