Алматыда мәдениет және өнер қызметкерлеріне Президент стипендиясы табыс етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда мәдениет және өнер қызметкерлеріне Президент стипендиясы табыс етілді

07.02.2014
Алматыда мәдениет және өнер қызметкерлеріне Президент стипендиясы табыс етілді
«Мемлекет басшысының көмегімен отандық мәдениет дамуда. Мен өзге елдердегі әріптестеріммен араласамын, сондықтан Қазақстанда мәдениетке көп көңіл бөлінетінін айта аламын».
 
Бұл туралы бүгін Алматыда өткен мәдениет және өнер қызметкерлеріне Президент стипендиясын, сондай-ақ өткен жылға салалық мемлекеттік стипендиясын табыстау рәсімінде Мәдениет және ақпарат министрі  Мұхтар Құл-Мұхаммед айтты.
 
Стипендия иегерлеріне арнап Елбасы құттықтау сөз жолдады. Оны Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев оқыды.
 
 «Қазақстан халқына арналған бұл жолғы Жолдауда мәдениет саласын дамытуға баса назар аударылды. Қазақстандық мәдениет дамуының көпжылдық Тұжырымдамасын дайындауды тапсырамын», - деп жазылған Елбасы құттықтау сөзінде.
 
Отандық мәдениетті өркендетуге зор үлес қосқан 100 қызметкер сыйақыға ие болды.  Олардың арасында  Бибігүл Төлегенова, Асанәлі Әшімов, Юрий Померанцев, Анатолий Молодов сияқты өнер майталмандары, сонымен бірге жас дарындар - Берік Айтжанов, Мәдина Баспаева, Тайыр Ғатауов және Әлия Досбатырова бар.
 

Хабарламаларға жазылу