«Атыңнан айналайын, Қарқаралы» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Атыңнан айналайын, Қарқаралы»

09.02.2014
«Атыңнан айналайын, Қарқаралы»
Қарқаралы тау сілемдерінің етегі ежелден көшпелі елге қоныс болған мекен. Ол туралы қадым замандардан жеткен аңыз-ертегілерден белгілі.
 
Қарқаралы туралы біршама өлеңдер мен аңыздар да бар. Ең алғаш «Қозы-Көрпеш, Баян-сұлу» қиссасын орыстың танымал жазушысы М.М. Пришвин осы төңіректе естіген екен.
 
Қазақтың мың әнін жинаумен тарихта теңдессіз тәлім қалдырған атақты музыка зерттеушісі А.В.Затаевич Қарқаралы өңіріндегі құймақұлақ, зерделі де зерек жыраулар аузынан 154 ән жазып алған деседі.
 
Қарқаралы табиғатына тікелей байланысты «Сұлушаш» поэмасын 1928 жылы Сәбит Мұқанов дүниеге әкелген жазиралы өңір бұл.
 
Бүгін 8.05-те «Мәлім де беймәлім Қазақстан» хабарын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу