Президенттің қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген жиыны өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген жиыны өтеді

12.02.2014
Президенттің қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген жиыны өтеді

  14 ақпанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«Бүгін біз жұма, 14 ақпан күні Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін кеңейтілген жиынға шақырту алдық», - деді Қ.Келімбетов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Ұлттық банкі 2014 жылдың 11 ақпанынан бастап теңгенің бұрынғы деңгейін сақтап тұрудан, валюталық интервенциялардың көлемін азайтудан, теңгенің айырбас курсын құру процесіне араласудан бас тарту туралы шешім қабылдағанын жария еткен. Сондай-ақ теңге курсының жаңа бағамы 185 АҚШ доллары төңірегінде болатындығын хабарлаған-ды

Хабарламаларға жазылу