Студенттер мен оқушылар аптасына жеті күн оқитын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Студенттер мен оқушылар аптасына жеті күн оқитын болды

13.02.2014
Студенттер мен оқушылар аптасына жеті күн оқитын болды
Тәжікстанның Білім және ғылым министрлігі оқушылар мен студенттердің  демалыс күндерін қысқартты.
 
Орта мектептер мен жоғары оқу орындарында тәлім алушылар оқу бағдарламасын қуып жету үшін аптасына жеті күн оқитын болады. Ақпан айында елдегі қатты суыққа байланысты оқушылар бағдарламадан қалып қойған.
 
Ал бастауыш сынып оқушылары  аптасына алты күн оқиды. Елдің оқу орындарында қысқы мерзімде орталықтандырылған жылу жүйесінің болмауы мәселесінен соңғы жылдары осындай жағдай қалыптасып отыр.
 
Айта кетейік, 15 жылдан бері электр энергиясының тапшылығын сезініп отырған Тәжікстанда аязды күндері күрделі қиындықтар туындайды.

Хабарламаларға жазылу