Жаңақорған кентінің тұрғыны Қайрат Раманқұлов алабай төбеттерді өсіруді кәсіпке айналдырған.
Бүгінгі күні оның ауласында 20-дан астам төбет бар. Иттер күніне 10-15 келі шикі ет жейді. Кәсіп иесі алабайлардың күшігін 30-бен 50 мың теңгеге, ірі төбеттерді 150 мың теңгеге бағалайды.
«Ит - жеті қазынаның бірі, бұл төбеттердің әрқайсысы бір отар қойды бағуға қауқарлы», - дейді Қайрат Раманқұлов.
|