«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мәлімдеме таратты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мәлімдеме таратты

14.02.2014
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мәлімдеме таратты
  Валюта бағамының өзгеруіне байланысты «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның салымшылары үшін осыған дейінгі келісімшарттар мен қалыптасқан пулдар бойынша алынатын үйлердің бағасы өзгермейді. Бұл туралы  банктің баспасөз қызметі хабарлады.
 
Онда «Теңге бағамының өзгеруі «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның қызметіне банк міндеттемелері мен активтері ұлттық валютамен жүзеге асырылғаннан кейін әсер етпейді», - деп жазылған.
 
Сонымен қатар, банк бағдарламаларының аясында банктік қарыздар (займ) бойынша пайыздық мөлшерлемелер де өзгеріссіз қалады, деп көрсеткен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі».
 
«Банктің барлық мөлшерлемелері мен тарифтері қандай да бір шетелдік валюта мен инфляция деңгейіне қатыссыз белгіленеді», - делінген хабарламада. 
 
Банк мәліметтері бойынша, оның негізі қаланғаннан бері 3,5-5 пайыздық мөлшерлемемен 32 мың қарыз берілген. Сондай-ақ, 5-7 пайыздық мөлшерлемемен 7 мыңға жуық, 7,2-10 пайыздық мөлшерлемемен 22 мыңнан астам қарыз берілген.
 
Тұрғын үй заемдары бойынша пайыздық мөлшерлемелер осы кезге дейін жүзеге асырылып келе жатқан банктің тарифтік бағдарламалары бойынша енгізілген датасынан бері өзгерген жоқ.
 
Аралық заемдар бойынша пайыздық мөлшерлемелер 2013 жылдың 1 қаңтарында 30 пайызға төмендетілді.

Хабарламаларға жазылу