Украинада қамауға алынған шерушілер босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада қамауға алынған шерушілер босатылды

15.02.2014
Украинада қамауға алынған шерушілер босатылды
  Украинадағы тәртіпсіздік үшін қамауға алынғандар босатылды, деп хабарлайды РИА Новости.
 
Мұндай мәлімдемені «Украинаның ұлттық қарсылық» оппозициялық штабы Киевтің Голосеев аудандық сотына сілтеме жасап хабарлайды. 14 ақпанда қамауға алынғандардың соңғысы босатылды.
 
Еске сала кету керек, қаңтардың соңында Украина парламенті Украинадағы тәртіпсіздік үшін қамауға алынғандарға амнистия жариялау жөніндегі заң қабылдаған болатын.
 
Тек бұл заң 17 ақпанға дейін шерушілер басып алған барлық ғимараттарды босатқан жағдайда ғана күшіне енеді. Жаппай шеруге қатысқандардан Украина бойынша 266 адам амнистияға түсті.

Хабарламаларға жазылу