Тасболат Ақыш – қазақтан шыққан тұңғыш шопырдың бірі. 1933-1936 жылдары Мәскеуде әскер қатарында жүріп, жүргізушілік курсты оқиды. Оны тәмамдаған соң НКВД генералдарына шопыр болуға бекітіледі.
1932 жылы шыққан Кеңестік ГАЗ-АА, яғни, «полуторка» аталған көлікке қазақтан алғаш болып отырған - осы кісі.
«Біз таңсық көріп жүрген «темір тұлпарларды» әкеміз соғыс кезінде-ақ жүргізген», дейді ұлы Айдар Тасболатұлы.
Қазақтан шыққан тұңғыш автокөлік жүргізушісі туралы дайындалған сюжетті назарларыңызға ұсынамыз.