Қала әкімі ең жоғары әлеуметтік жәрдемақы Астанада болатынына сендірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қала әкімі ең жоғары әлеуметтік жәрдемақы Астанада болатынына сендірді

20.02.2014
Қала әкімі ең жоғары әлеуметтік жәрдемақы Астанада болатынына сендірді
Кеше Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қала тұрғындарының есептік кездесу өткізді. Қала әкімі 3 сағаттық кездесуде әлеуметтік, экономикалық мәселелер турасында айтып, соғыс ардагерлеріне пәтер берілетіні туралы айтылды.  
  
 Астана тұрғындарының көкейде жүрген сауалдары аз емес. Кәсіпкерлер жер сұраса, зейнеткерлерге әлеуметтік, медициналық көмек қажет, ал үлескерлерге әділеттілік қажет болса, мемлекеттік қызметкерлер жоғары жалақы туралы сұрақтар қойды.
  
 Кездесу келген қала тұрғындарының көпшілігі үйсіз. Кездесу барысында  әрбір екінші тұрғын үй сұрап, тіпті кейбірі көздеріне жас алды.   
  
 Тұрғын үй мәселесі бойынша өтініш соғыс ардагеріне әкім үй беремін деп уәде берді.
  
 Сонымен қатар, И. Тасмағамбетов теңге бағамындағы өзгерістің салдарымен күресті жалғастыратынын уәде етті.
  
 Сөз барысында қала әкімі: «мен жаһандық алаңдайтындай негіз көрін тұрған жоқпын. Белгілі бір аралықта бізге қиын тиетінін түсінемін, бірақ мен сіз бен біз болып бұл кезеңнен өтетінімізге сенемін, және бұл қадам еліміздің жаңа қарқынмен дамуына үлкен серпін береді»,-деді.
  
 Осы жылдың көктемінде қалада екі инновациялық жоба іске қосылады. Транспорттарды автоматты бақылайтын құрылғы да қаланың үлкен көшелерінде іске қосылмақ. Сонымен қатар, қала көшелеріне 30 мыңнан астам бақылау камералары мен дабыл терминалы орнатылады. Ол жерде барлық ақпарат бір орталықтан басқарылатын болады.   
  
 Кездесу соңында әкім EXPO-2017 көрмесі туралы айтып, қаланың адам танымастай өзгеретінін тілге тиек етті.
  
Nur.kz

Хабарламаларға жазылу