Түркия президенті ғаламторды қадағалауды күшейту туралы заңға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия президенті ғаламторды қадағалауды күшейту туралы заңға қол қойды

21.02.2014
Түркия президенті ғаламторды қадағалауды күшейту туралы заңға қол қойды
«Түркия президенті Абдолла Гүл ғаламторға мемлекеттік қадағалауды күшейту туралы заңға қол қойды» - деп хабарлайды Франс Пресс. Осыдан кейін ол Twitter-дегі 80 мың оқырманынан айырылған.
 
Енді заң бойынша Түркия телекоммуникация департаменті ғаламтордағы жеке өмір ережелері бұзылса сот шешімісіз провайдерден ақпарт көзін жауып тастауды талап етуге құқылы. Кез келген азамат адам құқығын сақтамайтын сайттың үстінен сотқа шағымдана алады.
 
Ал контент-провайдерлер өз тұтынушылары жайлы барлық ақпаратты 2 жыл сақтап, қажет кезде телекоммуникация департаментіне ұсынуға міндетті. Билік бұл заң жеке өмірді қорғап, террористік, порнографиялық мазмұны бар сайттарға тосқауыл болу үшін қабылданғанын айтады.
 
Алайда Түркияның оппозициялық партиялары мен халқы, көбінесе жастары бұл заңға қарсы шықты. Олардың айтуынша билік осылайша интернет кеңістікті өз мүддесіне пайдаланбақшы.

Хабарламаларға жазылу