«Астана қаласының ІІД қызметкерлері 40 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тұрғынын қамауға алды. Ол автокөліктің ұрланғанын біле тұра оны сатып алып, ҚР территориясында жүргізген», - дейді ІІД-нің баспасөз қызметі.
Енді бұл азаматқа қатысты «Қылмыстық жолмен иеленген мүлікті сатып алу немесе сату» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Естеріңізге сала кетейік, 9-шы ақпан күні қызылордалық азамат Астанадан өзінің автокөлігінен («Мазда СХ-7») аумайтын көлікті кездестіргенін хабарланған.
Екі көліктің маркасы да, мемлекеттік нөмірі де, тіпті түсі де бірдей болып шыққан. Елордадан табылған көліктің өткен жылдың 22 мамырында Мәскеуде ұрланғаны белгілі болған.