Геннадий Головкиннің арманы орындалмауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкиннің арманы орындалмауы мүмкін

24.02.2014
Геннадий Головкиннің арманы орындалмауы мүмкін
WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, аргентиналық боксшы Серхио Мартинес пуэрторикалық Мигель Коттомен өткізген жекпе-жектен кейін спорттық карьерасына нүкте қоюы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
 
«Анам  менің боксты жалғастырғанымды қаламайды. Оның көзқарасы мен үшін маңызды. Бірақ, қазіргі уақытта мен Мигель Коттомен өткізетін жекпе-жекке дайындалып жатырмын. Жекпе-жектен кейін шешім қабылдаймын. Егер оны жеңсем, спортпен қош айтысуым мүмкін», - деді ол.
 
39 жастағы Серхио Мартинес пен 33 жастағы Мигель Коттоның арасындағы жекпе-жек 7 маусымда Нью-Йоркте өтеді.
 
Айта кетейік, көптеген сарапшылар Серхио Мартинестің қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жегін күтеді. Сонымен қатар, бұл жекпе-жек өтпей Головкинді орта салмақтағы әлемнің мықты боксшысы деп санауға болмайды деген пікір де айтылып жүр.
 
Қазақстандық боксшының өзі де Серхио Мартинеспен жекпе-жекке шығуды армандайтынын бірнеше рет мәлімдеген болатын.

Хабарламаларға жазылу