Дәрігерлер Шумахерді комадан шығару терапиясын тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрігерлер Шумахерді комадан шығару терапиясын тоқтатты

24.02.2014
Дәрігерлер Шумахерді комадан шығару терапиясын тоқтатты
 
Комада жатқан неміс автошабандозы Михаэль Шумахердің сауығып кетуі үшін дәрігерлер бар күшін салған болатын. Бірақ, бұл ем нәтиже бермеді.  
 
Focus-тың хабарлауынша, спортшының денсаулығында ешқандай жақсару жоқ. Дәрігерлер оны комадан шығару терапиясын тоқтатқан көрінеді. Шумахердің денсаулығына қатысты өзге ақпарат жоқ.
 
Еске сала кетейік, 45 жасар Михаэль Шумахер екі айдан бері ес-түссіз жатыр. 29 желтоқсанда ол Францияның Альпі тауларында сырғанап жүргенінде тау шаңғысынан құлап, басына аса ауыр зақым келген болатын.
 
Қазір әлемнің ең танымал автошабандозы Гренобльдағы ауруханалардың бірінде жатыр.
 
 
 

Хабарламаларға жазылу