«Биылғы жыл - ағайынды арыстар Шәкен Айманов пен Кәукен Кенжетаевтың жылы. Қазақтың саф өнерін дамытуға бар ғұмырларын арнаған қос саңлақтың ел үшін жасаған игілікті істерін насихаттау – бүгінгі ұрпақтың парызы», дейді ол.
«Кәукен Кенжетаев - кино, театр, әншілік, ұстаздық өнерге алғаш жол салғандардың бірі. Мұндай тұлғаны бағаламауға негіз жоқ. Кәукен еңбектері – келер ұрпақтың зерттеп-зерделейтін мұрасына айналуы тиіс».