Елді мекен атауын өзгертуде жергілікті халықтың пікірін ескеру қағидалары бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елді мекен атауын өзгертуде жергілікті халықтың пікірін ескеру қағидалары бекітілді

27.02.2014
Елді мекен атауын өзгертуде жергілікті халықтың пікірін ескеру қағидалары бекітілді
 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидалары бекітілді.
 
Аталған құжатқа сәйкес, жергілікті атқарушы органдар облыстарға, аудандарға, республика­лық және облыстық маңызы бар қалаларға, астанаға, қаладағы аудандарға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеруді ұйымдастырады және мәслихаттардың қарауына енгізеді.

Халықтың пікірі әкімдер ұйымдастырған жергілікті қоғамдастық жиналыстарында тыңдалады. Содан кейін жергілікті БАҚ арқылы таратылады.

Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссияларының хаттамасымен ресімделген халықтың ескерілген пікірі ҚР қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті ономастика комиссияларының қарауына ұсынылады.
 
Құжаттың толық мәтіні республикалық БАҚ-тарда жарияланды.

Хабарламаларға жазылу