«Мәңгілік ел – ұлт мұраты» атты жыр мүшәйрасы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мәңгілік ел – ұлт мұраты» атты жыр мүшәйрасы өтеді

27.02.2014
«Мәңгілік ел – ұлт мұраты» атты жыр мүшәйрасы өтеді
 
Астана қаласы әкімдігі  Астана күні мерекесі қарсаңында «Мәңгілік ел – ұлт мұраты» атты республикалық мүшәйра жариялайды. Бұл туралы adebiportal.kz хабарлады.
 
Мүшәйраның мақсаты – Асанқайғы арман еткен,  Алаш қайраткерлерлі мақсат тұтқан,  қазіргі  қазақ ұрпағы жүзеге асыруға серт беріп,  белін бекем буған  «Мәңгілік ел» мұратын жас ұрпаққа насихаттау.
 
Елбасының отанымыздың болашағанына алтын тұғыр еткен «Мәңгілік ел» идеясын насихаттап, парасат пен ізгілікке толы маржан жыр тудырған майталман ақындарға жүлде беріледі. Мүшәйраға еш жерде жарық көрмеген өлеңдер, толғаулар, поэмалар қабылданады. 
 
Бас жүлде – жеңіл автокөлік.
Бірінші орын – біреу
Екінші орын – екеу
Үшінші орын – үшеу
Ынталандыру сыйлықтары – бесеу.
 
Мүшәйраға қатысушылардың шығармалары компьютерде терілген бес данадан кем емес және электронды нұсқасымен қоса 2014 жылдың 5 маусымына дейін қабылданады.
 
Мүшәйра қорытындысы қала мерекесі күні қарсаңында шығарылады.
 
Қосымша ақпаратты Астана қаласы, Әуезов көшесі, 20 «А» Сәкен Сейфуллин мұражайынан білуге болады.

Хабарламаларға жазылу