Қазақстандықтардың бизнес жүргізуіне қолайлы жағдай жасалуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтардың бизнес жүргізуіне қолайлы жағдай жасалуда

27.02.2014
Қазақстандықтардың бизнес жүргізуіне қолайлы жағдай жасалуда
Қазақстанда шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге 2014 жылдың соңына дейін мораторий жарияланды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл туралы тиісті Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың сайты.
 
«Жарлыққа сәйкес ағымдағы жылғы 2 сәуірден 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын және орта бизнес субъектілеріне тексеру жүргізуге мораторий жариялаймын. Мен Үкіметке қазақстандықтардың бизнес жүргізуіне одан әрі қолайлы жағдай туғызу мақсатында бірқатар нақты шаралар қабылдауды тапсырдым», - деген Мемлекет басшысы.

Хабарламаларға жазылу