Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Бразилиядағы «Brasil Tennis Cup» турнирінде жұптық жарыстың финалдық кезеңінде жеңіске жетті. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.
Ол испандық Анабель Медина-Гарригеспен бір жұпта ойнап, бірінші партияда қарсыластарынан 7:6 есебімен басым түсті.
Екінші партияда 2:6 есебімен ұтылды. Ал үшінші шешуші партияда испан-қазақ жұбы 10:3 есебімен жеңіске жетті!
Айта кетейік, турнирдің сыйақы қоры – 250 мың АҚШ доллары.