Иван Сауэр басшылық ететін шаруашылық дамудың нағыз үлгісін көрсетіп келеді. Ол ауылы туралы айтудан жалықпайды.
Родина – Кеңес одағы тұсында да дәл қазіргідей гүлденген елді мекен болған емес. Бұл ауылды халық «игіліктің ауылы» деп атайды. Мұның бәрі – 26 жылдан астам уақыт бойы шаруашылық басшысының тынымсыз еңбегінің нәтижесі.
Бүгін 12.10-да «Родина» ЖШС-ның бас директоры Иван Сауэр «Сіз не дейсіз?» хабарында өз тәжірибесімен бөліспек.