АҚШ-та өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская топ жарды. Ол 10 шақырымдық із қуалау жарысында нысана көздеуден екі рет мүлт кеткеніне қарамастан жеңіске жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz
Ал екінші орын алған германиялық Луиза Каммер нысана көздеуден мүлт кетпегенімен, қазақстандық спортшыдан 1 минуттай қалып қойды. Үздік үштікке канадалық Сара Будро ілінді.
Ал өзге қазақстандық биатлоншылар Александра Сасина 30-шы, Анастасия Кондратьева 34-ші, Валентина Сауленко 45-ші нәтижені көрсетті.
Бұл 20 жастағы Галина Вишевскаяның екінші жүлдесі. Бұған дейін қазақстандық спортшы спринтте күміс медаль алды.
Айта кетейік, АҚШ-та өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты 1-наурызда басталды. Турнир 7-наурызда аяқталады.
Естеріңізде болса, биатлоншы Галина Вишневская Сочиде өткен Қысқы Олимпиада ойындарына қатысып, жүлделі орынға көтеріле алмады.